1960 жылы 29 қазаннан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе филиалы хабарлар тарата бастады. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады.
«Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басты мақсаты мен міндеті - облыстың саяси-экономикалық дамуы мен мәдени-әлеуметтік жағдайын, ел өміріндегі жаңалықтарды, өзгерістерді қалт жібермей хабарлар дайындау, мемлекет саясатының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқандығын көрсету, халыққа қажетті ақпарат тарату.
Жетістіктер:
2016 жылы «Жаңалықтар» бөлімінің шеф-редакторы А.Бисекенова Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
2016 жылы Редакторлар В.Федотов пен Е.Қаниев жергілікті БАҚ арасында облыс әкімдігі жариялаған байқаудың гран-при жүлделерін жеңіп алып, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Жоғары білім саласындағы жетістіктерді сапалы насихаттауға үлес қосқаны үшін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректоры Б.А. Ердембеков арнамыздың редакторы Гүлшат Сералы марапатталды. (мамыр, 2017 жыл,)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ. А. Токушев арна редакторы Әлия Оразайқызы марапатталды. (28 маусым, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Мұғалжар ауданы әкімдігі Е. Данағұлов арна редакторы Әлия Оразайқызын марапаттады. (28 маусым, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ақтөбе қаласы әкімі І. Испанов арна редакторы Әлия Оразайқызын марапаттады. (28 маусым, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облысытық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Исмағанбетов арна редакторы Әлия Оразайқызын марапаттады. (28 маусым, 2017 жыл)
Корпорациядағы мінсіз қызметі мен шығармашылықтағы елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ басқарма төрағасы Е. Қарин арна редакторы Әлия Оразай, дизайнер Дидар Жанғазыұлы марапатталды. (16 желтоқсан, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, арнамыздың редакторы – Қонысбек Терекұлына, операторы – Миржан Аманжоловқа Ақтөбе қаласы әкімі І. Испанов 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. (28 маусым, 2017 жыл)
«Навада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының президнті Олжас Сүлейменов арнамыздың тақырыптық бағдаламалар бөлімінің шеф-редакторы Бибігүл Биманованы «Құрмет» грамотасымен марапаттады. (11 желтоқсан, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, ҚР Ақпарат және Комуникациялар министірі Д. Абаев арнамыздың аға рижиссері Гүлсім Омарқызын марапаттады. (28 маусым, 2017 жыл)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаевтың Алғыс хатымен арнамыздың:
- жүйелік әкімші Нұрсұлтан Сабыржанұлы
- шеф-редактор Алтынай Сағындықова
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы М. Н. Қорғанбаеваның Алғыс хатымен арнамыздың
аға режиссері Гүлсім Омарқызы
редактор Қонысбек Терекұлы марапатталды. (28 маусым, 2017 жыл)
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ. А. Токушев арнамыздың аға рижиссері Гүлсім Омарқызын марапаттады.
Ақтөбеде жыл сайын өтетін «Асыл ана-2017» форумы аясында жұмыс пен отбасын қатар алып жүрген аналар арасында «Медиа ана-2017» титулын жеңіп алды.