ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Бурахан Ернұр Көшерханұлы

burahan.jpgБурахан Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы туған. Жоғары білімді.

Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған.

2001-2008 жылдар аралығында Астанада телеарнада рекдактор, бас редактор болып еңбек етті.

2007-2010 жылдар аралығында "Қазақстан" ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор , редактор, шеф-редактор болып жұмыс жасады. Ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтарын жүргізді. Бірнеше авторлық бағдарламалары көрерменге таныс. "Мемлекет", "Парламент" сараптамалық бағдарламаларын, "Сіз бен Біз" ток-шоуын жүргізді.

Мемлекеттік қызметте де тәжірибе жинақтады. Әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, "самұрық қазына жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының және Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.

2015 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды. 

2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры