ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

Сағындықова Алтынай Нұрсұлтанқызы

Сағындықова Алтынай Нұрсұлтанқызы

1983 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында дүниеге келді. Кеңқияқ орта мектебінде білім алып, №1 Қарауылкелді орта мектебін бітірді. 2001-2006 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде білім алды. Еңбек жолын 2003 жылы «Ақтөбе университеті» газетінен бастады. «Керек.info» қоғамдық-ақпараттық газетінде тілші, бас редактор қызметтерін атқарды. Әртүрлі жылдары Bnews.kz, Aktobenews.kz, ҚазАқпарат порталдарында еңбек етті. Республикалық «Айқын» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болды. «Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарының жаңалықтар бөлімінде тілші қызметін атқарды. 
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың, облыс әкімдерінің, құқық қорғау органдарының алғыс хаттарымен марапатталды.