ШҰҒЫЛ! ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ Толығырақ

Қонысбек Терекұлы

Қонысбек Терекұлы - тележүргізуші, редактор

1990 жылы 30 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2009 жылы Алматы Экономикалық-техникалық колледжін қаржы мамандығы бойынша білім алған. 2013 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық Университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетін "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша тәмамдаған. 
Еңбек жолын 2008 жылы "Екі езу" сатира театрында сценарист-редактор болып бастаған. 2009-2013 жылдары "Қазақстан-Ақтөбе" телекомпаниясында редактор-тележүргізуші болып еңбек етті. "Қайырлы таң, Ақтөбе", "Жігер" жастар хабары, "Бақ пен бап" спорт хабары, "Әсерлі әңгіме", "Атажұрт" тарихи танымдық жобасының жүргізуші-редакторы болды. 2013-2014 жылдары "24KZ" арнасында "Жасыл экономика" хабарын жүргізді. 2014-2015 жылы "Қазақстан-Ақтөбе" және "Нұр" телекомпаниясының бас редакторы болып еңбек етті. Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі болды. Сондай-ақ, #51, 24 мектеп гимназиясында қосымша білім беру педагогы болып жұмыс істейді. "Жас тілші" үйірмесінің жетекшісі. Облыстық "Aqtobe" телеарнасындағы "Бүк-шік", "Елдің баласы", "Ахтанов54", "Менің кәсібім" сияқты көптеген хабарлар мен бағдарламалардың авторы. Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі. Бағдарламалар бөлімінің редакторы. 

ҚР Ақпарат және байланыс министрінің, Ақтөбе облысы әкімінің, РТРК "Қазақстан" төрағасының, түрлі департамент басшыларының алғыс хат-грамоталарымен марапатталған. 
2013 жылы Малайзияның "Куала-Лумпур" қаласында, Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби біліктілікті арттыру бойынша тағылымдамадан өткен.