ШҰҒЫЛ! БЛОК - БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ Толығырақ

Мұқаш Мирас Құлтөлеуұлы

Оразаев атындағы Халықаралық журналистика инсититуты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің теле-радио журналистика кафедрасында оқып, бітірген.

Атап айтқанда, еңбек жолын «Хабар» Агенттігі АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілші-редакторлығынан бастаған. Кейін агеттіктің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, республикалық "7 Арна", "Нысана" ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің Алматы қаласындағы тілші-редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы бюросының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас сарапшысы. «Хабар» Агенттігі Бас пиар менеджері. (ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі).

Қазақстан Журналистер одағының сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Ақ шағала» прозалық кітабының авторы. «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Қазақстанның үздік журналисі» марапатын алған.