ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Құлданов Жексенбай Құлданұлы

Құлданов Жексенбай 1956 жылдың 9 қазанында Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Ақтөбе қаласындағы байланыс электротехникумын бітіріп, кейін 2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «радиобайланыс, радиотарату және телевизия» мамандығы бойынша аяқтаған.
 
Еңбек жолын Ақтөбе телерадиокомпаниясында 1975 жылы магниттік жазу операторы, электромеханик, кейін инженер болып бастаған. 1999 жылдан бері филиалдың бас инженері. «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен наградталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.