ШҰҒЫЛ! БЛОК - БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ Толығырақ

Палман Лаура Телманқызы

Палман Лаура Телманқызы- редактор
1980 жылы 1 қазанда Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,Еңбекші ауылында дүниеге келді.

2001 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемлекеттік университетін педагогика факультеті бойынша тәмамдаған. 

2010 жылы "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасына жұмысқа қабылданды.

"Үмітпен соққан жүрек","Қайырлы кеш,Ақтөбе!","Сенбідегі жүздесу", "Жырдария","Әйел деген бір әлем" т.б хабарларының авторы.

Бүгінгі таңда "Ақтөбе" арнасындағы "Әйелдер әлемі" хабарының редакторы және жүргізушісі.

Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы әкімдерінің, Ұлттық арна басшылықтарының алғыс хаттарымен марапатталған.