ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Ақтөбелік БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

19:08, 18 мамыр 2017

Ақтөбе облысының Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Байланыс орнатудың тиімді тетіктері» деген тақырыпта семинар-тренинг өтті.

Бұл маусымда өтетін  журналистер күні қарсаңында жергілікті биліктің ұйымдастырған жұмыстарының бірі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, журналистер мен блогерлерге арналған шаралар легі мұнымен шектелмейді. «Алдағы уақытта медиа өкілдеріне арналған бірнеше шара, оның ішінде сайыстар, кездесулер, «Менің қалам - Ақтөбе» тақырыбында бейнероликтер конкурсы ұйымдастырылады», - деді ол. Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша семинар-тренингті Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы өткізіп отыр.

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Танымал блогерлер Өркен Кенжебек пен Яков Федоров өңірдегі журналистерге жаңа медианың қыр-сырларын үйретті. Шара барысында «Селфбрендинг», «Сторителлинг жазу», «Фактчекинг», «Трендтер: ақпаратты берудің жаңа әдістері» тақырыптары қамтылды. Бұл аға буыннан ажырап қалған  журналистика саласының жаңа буынын қалыптастыру үшін және бұрынғы кеңес одағы кезінде қалыптасқан ақпарат жеткізу үрдісін заманға сай өзгерту үшін керек дейді блогерлер. 

ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК, БЛОГЕР

Тақырып бойынша материалдар

Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
18:32, 25 қыркүйек 2017
Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
Толығырақ...
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді
18:30, 25 қыркүйек 2017
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...