ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

АМАНАТ АРҚАЛАҒАН БАСЫЛЫМ

18:00, 11 сәуір 2019

 "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетіне  биыл 95 жыл. Ғасырға жуық ғұмыры бар басылымға арналған "Аманат арқалаған" атты  шара бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы ғылыми- әмбебап кітапханада өтті.  Тілшіміз Жанар Датқызы баяндайды. 

"Ақтөбе" қоғамдық-саяси газетінің жураналистері жастармен кездесті. Шара басылымның 95 жылдығына орай өткізіліп отыр.  "Ақтөбе" газетінде 37-жыл жұмыс істеп келе жатқан Нұрмұхамет Дияровтың пікірінше, газеттің қадірін қашыратын да, құндылығын арттыратын да оқырман.
"Ақтөбе" газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы аптасына үш рет шығатын басылым жайлы ақпарат берді. 1924 жылы "Кедей" деген атаумен шыға бастаған газет кейін "Алға", "Социалистік жол", "Коммунизм жолы" деген атаулармен де шықты. 1990 жылдан бастап "Ақтөбе" деген атпен шығып келеді. Газет оқымайтын адам рухани кедей адам. Бүгін баспа ісінің мамандары осыны жастарға жеткізбек болды. Кездесуге колледж бен жоғары оқу орындарынан 50-ге жуық студент қатысты.
 

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар