ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Ұлттық нақыштағы киім үлгілері танымал

19:27, 28 сәуір 2017

Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жиырма бірінші ғасырда ұлттық танымымызды сақтап қалуға қатысты ой айтты. Елдің бұдан ары қарайғы дамуы ұлттық мүддемен, ұлттық мәдениетпен ұштасуы тиіс.

Бұл жолда халықтың қолөнерін шығармашылықпен насихаттап жүрген шеберлердің де үлесі зор. Мәселен, бұған қазақы нақыштағы киім түрлерімен танымал бола бастаған тігінші  Жазира Егенбердиеваның ісі дәлел.

"Сәукеле" шеберханасы жергілікті нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізінен қазақтың ұлттың киімдерін тігуге маманданған.  Жазира Егенбердиеваның айтуынша, соңғы жылдары ақтөбелік тұтынушылар арасында ұлттық нақыштағы киімдерге деген сұраныс артқан.

ЖАЗИРА  ЕГЕНБЕРДИЕВА, КӘСІПКЕР

-  2002 жылмен салыстырғанда ұлттық киімге деген сұраныс артты. Қазір әдемі сән үлгісі де қазақы нақышта тігіліп жүр. Бұл жақсы үрдіс, адамдар өз ұлтының, мәдениетінің қадірін түсіне бастаған болар. Мерейтойларға зерлеп тіккен камзол, шапандар сыйлау да сәнге айналды.

Тігін цехында жұмыс істейтін үш адамның әрқайсысы өз ісінің шебері. Олар ұлттық киім тігу, оның өрнегін салу оңай шаруа емес дейді. Кәсіби шеберлікпен қатар, ою түрлерінің мән-мағынасын да білген абзал. Себебі киім үлгілерін кез келген оюмен өрнектей салуға болмайды 

ЖАЗИРА  ЕГЕНБЕРДИЕВА, КӘСІПКЕР

- Мысал ерлерге арналған шапан, әйелдерге арналған камзол бар. Әр қайсысының өрнегі әртүрлі. Және ұлттық киімнің еліміздің батыс өңірінде оюлары ірі болып келеді. Ал оңтүстік қазақстанның адамдары ұсақ гүлдесте ретінде өрнектелген шапандар кигенді жақсы көреді. 

Әр ою-өрнекке байыппен қарау талап болғандықтан, тігінші ұлттық киімдердің тарихын зерделеп көрген. Көйлектер негізінен масатыдан тігіледі. Соңғы уақытта  жаккард мата да қолданылып жүр. Шеберхана тек киім тігумен шектелмейді, мұнда ұлттық нақыштағы кәдесыйлар, шәркейлер жасалады. Жазираның өзі жұмыстарын әртүрлі көрмелерге апарып жүр. қазіргі таңда оның шеберханасы тек тапсырыс бойынша ғана жұмыс жасайды. Бірақ, өз ісін кейтіп, нарықтағы орнын айшықтауға ұмтылмақ. 

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...