ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«Мен қазақпын» мега жобасының үздіктері анықталды

19:21, 12 маусым 2017

«Мен қазақпын» мега жобасының Ақтөбедегі іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

«Мен қазақпын» мега жобасының Ақтөбедегі іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында ине шаншар жер болмады. Ақтөбеліктер байқауды көруге келіп, дәстүрлі әнге құлақ түріп, терме мен күйден сусындады. Әдемі өнер мерекесіне айналған шараның ең үздік дәстүрлі әншісі Ғазиза Әбдірова, ең үздік термешісі Дастан Қабылов және ең үздік күйші Ардақ Елеусізов болды. Бұл қазылар алқасының таңдауы болды. Ақтөбеде екі күн жұмыс жасаған түсірілім тобы енді бұл телевизиялық жобаны «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетеді.

Ал жеңімпаздарға республикалық сынға қатысу үшін жолдама берілді. Қазылар алқасының құрамында Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы Ерболат Шалдыбеков, термеші Қоянбай  Тобағабылов және күйші, қазанғаптанушы Жайлау Асылханов болды. 

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...