ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Мүгедектер қоғамы мүшелеріне арналған қайырымдылық шара

21:30, 17 наурыз 2017

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар және аз қамтылған отбасыларды әрдайым назардан тыс қалдырмайтын "Юрта" мейрамханасының ұжымы кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Алда келе жатқан Наурыз мейрамына орай, облыстық мүгедектер қоғамының 30 мүшесін құттықтап, оларға сый-сияпат көрсетті.

Халықтың осал топ өкілдеріне әрдайым қолдау көрсетуді "Юрта" мейрамханасының ұжымы әлдеқашан дәстүрге айналдырған. Әсіресе Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен отбасылар, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар - назарда. Бұл игі дәстүр бүгін тағы жалғасын тапты. Алда келе жатқан наурыз мейрамына орай, облыстық мүгедектер қоғамының мүшелерін шақырып, құрмет көрсетті.   

АЛМАС ҚАЛИЕВ, "ЮРТА" МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Біз, мүмкіндігімізге қарай жағдайы нашар адамдарға көмектесіп тұрамыз. Соңғы уақытта мекен-жайларына да баруды қолға алдық. Ел өміріндегі маңызды мереке, күндерді де солармен бірге атап өтуді жолға қойдық. Мұндағы мақсат - олардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау. 

Дастархан басына жиналған мүгедектер қоғамының мүшелері, Наурыз мейрамы туралы жылы әңгімелерін айтып, бір-біріне тілектерін де жеткізді. Ән-күй шырқап, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты. Мейрамхана ұжымының өкілдері де жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат көрсетті.  

ҚҰБАЙДОЛЛА БІТІКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

АМАНТАЙ ҚАБАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ

Бүгінде облыс бойынша 23 мыңнан астам мүгедек жандар бар. Олардың жартысына жуығы қалада тұрса, қалғандары аудандарда. Ай сайын тұрақты түрде алып тұратын зейнетақылары мен жәрдемақылары, биыл 20 пайызға өспек. Сондай-ақ, осы жылы шипажайларда ем алу уақыты ұзартылды. Мұқтаждықтарына орай жергілікті билік тарапынан да әрдайым қолдауға ие.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
18:32, 25 қыркүйек 2017
Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
Толығырақ...
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді
18:30, 25 қыркүйек 2017
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...