ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

18:49, 22 наурыз 2017

Ақтөбеде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Негізгі мерекелік шаралар Тұңғыш Президенті атындағы саябақта ұйымдастырылып, қаладағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Саябаққа қарсы бетте тігілген киіз үйлерде жұртшылық ұлттық тағамнан дәм татты. Мұнда, барша аймақ тұрғындарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта Наурыз мейрамы, жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде өтті. Қаладағы өнер ұжымдарының дайындағын мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Театр актерлері н жыл басы туралы қойылым сахналанса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді. Салтанатты шараға ақтөбеліктермен бірге танымал дәрігер Серік Ақшолақов, академиктер Төрегелді Шарманов, Жақсылық Досқалиевтер куә болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барша өңір тұрғындарын құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жолғы мейрамда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар 30-ға жуық киіз үй тіккен. Барлығы да ертемен тұрғындарды қабылдап, ұлттық тағам түрлері мен наурыз көжелер үлестірді.

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанды көруге келгендердің қатары жылдағыдан көп болды. Орталық саябақтағы ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлеріне белсене қатысты. Мәселен, арқан тарту, қазақ күресі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. 

Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі мерекелік шара ақтөбеліктердің көңілінен шықты. Наурыз мейрамы - қаланың өзге де аумақтарында ұйымдастырылды.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:04, 7 қараша 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
21:03, 7 қараша 2019
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...