ШҰҒЫЛ! Ақтөбеде төртінші рет аттестациядан өтпеген мектептер бар Толығырақ

"Оксана" украин халықтық хорына 10 жыл толды

17:31, 14 шілде 2017

Облысымыздағы ең белсенді өнер ұжымдарының бірі - "Оксана" украин халықтық хор ұжымына он жыл толды.

Талай фестивальдер мен халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, өңірдің намысын қорғаған ұйым құрамы, биыл тағы да бірнеше шараларға қатыспақ. Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен "хор өнерінің қазіргі жағдайы мен келешегі" атты дөңгелек үстел барысында ұжым мүшелері марапатталды. "Оксана" хор ұжымы, аймақтың ғана емес, республикалық украин орталықтарының ішіндегі ең белсендісі. Ең тартымды бағдарламалары арқасында талай байқаулардың жеңімпазы атанды. Оның ішінде бірнеше мәрте халықаралық сайыстарда қол жеткізген жүлделері де бар. 2007 жылы "халықтық" атағын алған ұжымның құрамында бүгінгі күні 31 адам бар.  

ВЕРОНИКА КАБАЧЕК, "ОКСАНА" УКРАИН ХАЛЫҚТЫҚ ХОРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

 -Біздің хорымыздың репертуарда көптеген әндер бар. Тек украин тілінде ғана емес, орыс және қазақ тілдерінде өнер көрсетіп келеміз. Құрамымыздағы адамдардың барлығы өнерлі. Биылдың өзінде тағы бірнеше шараларға қатыспақ ойымыз бар.

Хордың он жылдық мерекесіне орай, "облыстағы хор өнерінің қазіргі жағдайы мен келешегі" атты дөңгелек үстел өтіп, оған Ақтөбедегі этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов, "Оксана" мүшелерін облыс әкімі атынан құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Барлық мерекелік және өзге де маңызды шаралардағы белсенділігін атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті. Жиынға қаладағы өнер ұжымдары мен бірнеше ауданнан да өкілдер қатысып, тілектерін білдірді.

ВИКТОР ГОНЧАРЮК, МӘРТӨК АУДАНДЫҚ УКРАИН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 -Біз, барлық маңызды іс-шаралардан қөалыс қалмауға тырысамыз. Әрі қатарымызда жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұған дейін тек ауданда ғана емес, Ресеймен шегаралас 4 ауданда болып өнер көрсеттік. Қандастарымызбен кездестік. 

Еліміздегі украин қауымдастығы тарихи отанымен де тығыз байланыс орнатқан. Нәтижесінде, әр өңірде жексенбілік мектептер мен өнер ұжымдары жұмыс істеп тұр.Ал, бүгінгі күні біздің облыста 20-ға жуық этно мәдени бірлестік бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Ырғыз ауданының күндері саябақта жалғасты
15:40, 21 тамыз 2017
Ырғыз ауданының күндері саябақта жалғасты
Толығырақ...
Шара Жиенқұлованың 105 жылдық мерейтойы тойланды
14:50, 21 тамыз 2017
Шара Жиенқұлованың 105 жылдық мерейтойы тойланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
18:48, 15 қыркүйек 2017
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...