Республикалық театрлар фестивалі басталды

Ақтөбе театрлар астанасына айналды. Бүгін республикалық "Балауса" теарт фестивалі басталды. Екінші мәрте ұйымдамстырылып отырған шарада еліміздің әр түпкірінен ең үздік театр ұжымдары бас қосты. Бұл жолы фестиваль ЭКСПО-2017 халақтаралық көрмесі аясында өтіп жатыр. Қоюшы-режиссерлер қазылар алқасының және көрермендердің назарына эксперименталды қойылымдар ұсынды.

19:34, 20 сәуір 2017   314

Театр фестивалінің ашылуы әсерлі болды. Қазылар алқасы, шығармашылық ұжымдар таныстырылып, ашық аспан астында ұсынылған қазақ халқы тарихынан сыр шертетін үздік спектакльдердің үзінділеріне көрермен куә болды. Бұл шараның өнер адамдары үшін берері мол дейді ұйымдастырушылар.

МАРЖАН ҚОРҒАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тоғыз театрдың эксперименттік қойылымдары сахналанады. Бұл дегеніміз 100-ге жуық актердің өнері сыналатынын білдіреді. Егер біреулері көлемді декорациямен таңдандырса, кейбір театрлар жалғыз актердің өнерімен көзге түспек.

АЙДЫН  САЛБАНОВ, РЕЖИССЕР  (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

ЕРЛАН  КАРИБАЕВ, РЕЖИССЕР (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ)

Театр ұжымдары "Үздік спектакль", "үздік шығарма", "үздік сценография", ең озық режиссерлік жұмыс, үздік рөл сияқты номинациялар бойынша марапатталады. Біздің облыстан Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың қазақ труппасы және "Баспалдақ" шағырмашылық ұжымы өнер көрсетеді. 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44