ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" салтанатты шарасы өтті

18:10, 22 қыркүйек 2017

"Рухани жаңғыру тетігі - тіл". Бүгін осындай тақырыпта Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталып, концерттік бағдарлама қойылды.

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы алдындағы алаңда өткен салтанатты шарада алдымен, тіл саясатын жүзеге асырудағы жыл бойы атқарылған жұмыстардың қортындысы жария етілді. Белгілі болғандай, мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің үлесі тұрақты өсіп келеді. Қазақ тілінен өзге, орыс, ағылшын және үш тілді қатар меңгергендердің де саны едәуір артқан. Ең бастысы, өзге ұлт өкілдерінің ана тілдері мен мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалған. 

ЕРБОЛ НҰРҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ДОС КӨШІМ, "ҰЛТ ТАҒДЫРЫ" ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, САЯСАТТАНУШЫ

Тіл саясатын жүзеге асыруда енді тың жұмыстар қолға алынбақ. Себебі, қазақ тілінің латын қарпіне көшірілуіне орай, қазір нақты істердің жоспары дайын дейді облыстық тілдерді  дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева. Оның айтуынша, латын алфавитін насихаттау жұмыстары екі кезең бойынша өтеді.   

ГҮЛАЙЫМ ТӨЛЕБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Салтанатты шара барысында, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны үшін тағайындалған номинация иелері мараптталды. Олардың арасында, зиялы қауым өкілдері, журналистер және түрлі кәсіпорын, ұйым қызметкерлері бар. Барлығына да облыс әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлығы табыс етілді. Бүгінгі шара кезінде, этномәдени бірлестік өкілдері мен үш тілде оқытатын білім мекемелерінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Жиынға қатысушылар, "Тіл тазалығын сақтаймыз" атты акцияны да тамашалады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...