ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді

18:30, 25 қыркүйек 2017

"Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында өткен Шалқар ауданының күндері Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қорытындыланды.

Шалқар ауданы күндерінің қорытынды шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Тігілген киіз үйлерде ұлттық салт-дәстүрлерімізді паш ететін қазақтың  қолөнері, ұлттық тағамдары қойылды. Шеберлер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Жиналғандар садақ ату, арқан тарту, гір көтеру, асық ату секілді спорттық шараларға қатысып, жастар алтыбақан тепті.

ЖАНАР СЕЙТМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

ЖОЛАМАН ҚҰРМАНАЛИН, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ТҰРҒЫНЫ

Шалқар өңірінен шыққан танымал азаматтар туралы көрмені аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы дайындаған. Шалқарда туып-өскен белгілі күйші Бақыт Басығаревтың балалары да туған жерге деген сағыныштарын жеткізді.

ЗӘУРЕШ БАСЫҒАРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Тазы иттер көрмесін тамашалағандар көп болды. Ауданның Айшуақ ауылының  жігіттері Нұрбек Есенғалиев пен Әділет Раев тазы өсіріп, санын көбейтуді қолға алыпты.

Шалқар ауданы өзінің белгілі азаматтарымен мақтана алады. Грек-рим күресі бойынша  әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді.

Шалқар ауданының күндері  гала-концертпен аяқталды. Гала-концертте шалқарлық  Асхат Тарғын, жас әнші Айым Ұзақбаева  өнер көрсетті.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...