ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті

18:32, 25 қыркүйек 2017

Шалқар ауданының Ақтөбедегі күндегі Тахауи Ахтанов атындағы көшеде жалғасты. Тахауи ескерткішінің алаңында шалқарлықтар қайырымдылық акциясын және концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Биылғы жылы облыс орталығында аудан күндерін өткізу бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Енді ауыл-аймақ жұрты Ақтөбедегі аудан мерекесі аясында көше күндерін өткізеді. Осы жолы шалқарлықтар Ахтанов көшесіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасына қойылған ескерткіші алдында мерекелік шара ұйымдастырды. Мұнда Тахауи туындыларының оқырманы, оның есімімен аталған көшенің тұрғындары жиналды.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көше мерекесіне көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындар да шақырылды. Шалқар ауданынан кезінде қалаға көшіп, су тасыған аумақта тұрған 10 отбасының әр қайсысына 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Олардың бірі Талғат Лепесов отбасымен осы көктемге дейін Махамбет елдімекенінде тұрып келді. Су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасыға осыған дейін пәтер берілген болатын.

ТАЛҒАТ  ЛЕПЕСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Шалқарлықтар көше мерекесіне келгендерге арнап концерттік бағдарлама ұсынды, шахматтан жарыс өткізді.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді
18:30, 25 қыркүйек 2017
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағ...
Толығырақ...
"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" салтанатты шарасы өтті
18:10, 22 қыркүйек 2017
"Рухани жаңғыру тетігі - тіл" салтанатты шарасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар