ШҰҒЫЛ! Демалыс күндері жауын-шашынды болады Толығырақ

"Тілеу батыр" спектаклінің тұсаукесері өтті

21:27, 17 наурыз 2017

Жаңа туынды көрерменге жол тартты.

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда "Тілеу батыр" спектаклінің тұсаукесері өтті. Бұл - 17 ғасырдағы қазақ халқының батыры, Сайрам соғысының сардары атанған тұлға туралы тарихи драма.  

Ел басына күн туған шақта, ерлігімен аты аңызға айналған Тілеу батыр туралы пьеса алғаш рет сахналанып отыр. Қойылым барысында, 17 ғасырдағы қазақ халқының ауыр тағдыры мен Сайрам шаһарының түбіндегі шайқас көрініс тапты. Сондай-ақ, қазақтың өр намысы, атамекенді жоңғар шапшылығынан азат етуде қасық қаны қалғанша шайқасқан жауынгерлердің қайтпас рухы анық сезілді. Пъеса авторы ҚР мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебай осы премьераға арнайы шақырылды.

МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙ, "ТІЛЕУ БАТЫР" СПЕКТАКЛІНІҢ АВТОРЫ

Жаңа тарихи драманың жарыққа шығуына "Тілеу батыр мейірімділік қоры" қолдау көрсеткен. Екі сағатқа жуық созылған пъесаны Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының 20-ға жуық актері ойнап шықты. Ал, қойылымның тұсаукесеріне келген көрермендердің қатары көп болды. Ақтөбеге туынды премьерасын көруге келген  жазушы, драматург Дулат Исабеков "кейіпкерінің өзі тарихи шығарманың салмақты екенін аңғартады" дейді.

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ

Айта кету керек, Сайрам соғысының сардары, Тілеу батыр Айтұлына осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде ескерткіш орнатылған болатын. Оның ерлігі туралы пьеса енді өзге қалаларда да сахналанатын болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
18:32, 25 қыркүйек 2017
Тахауи Ахтановтың құрметіне шара өтті
Толығырақ...
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағұлов саябақта шеберлік сабағын өткізді
18:30, 25 қыркүйек 2017
Грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының жүлдегері М.Айнағ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр
18:22, 19 қазан 2017
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жа...
Толығырақ...