ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ырғыз ауданының күндері саябақта жалғасты

15:40, 21 тамыз 2017

"Туған жерім - Нұрлы елім" акциясы аясында өткен Ырғыз ауданының күндері Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жалғасты.

Қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылып, аудан тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды.

Саябақта ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, "Жармола тарландары" атты жерлес ақын-жазушылардың шығармаларынан жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ырғыздың тарихы, әдебиеті, мәдениеті жайлы жазылған жергілікті ақын-жазушылардың 70-ке жуық еңбегі қойылды. Сондай-ақ, Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған "Алаш арыстары Ырғыз тарихымен тамырлас" атты фотокөрме өтіп, оқырмандарға ауданнан шыққан 23 социалистік еңбек ерінің суреттері мен олар туралы мәліметтер таныстырылды.

Ақтөбеліктер "Сексен көлдің сырлары" атты табиғат жәдігерлерінің көрмесі мен Ырғыз көркемсурет мектебі тәрбиеленушілерінің салған суреттерімен де танысты. Бұл күні аудан тұрғындары салт-дәстүріміз бен тарихымызды ұлықтап, өткенді еске салды. "Жәдігер жерде қалмасын" акциясы аясында жиналған байырғы тұрмыстық заттар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Оларды аудандық музейге ырғыздықтардың өздері барып, тапсырған.

Алаңда спортшылар гір көтеріп сынға түсті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ көрмені аралап, концертті тамашалады. Ал, Ырғыздан шыққан азаматтар туған жерлерін еске алып, тілектерін жеткізді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүйісбаева және Аяулым Құдайбергенгова
10:07, 4 сәуір 2019
"Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасының қонақтары Светлана Дүй...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
18:15, 13 қараша 2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...