Жаңа ауданның тұрғындары Наурыз мейрамын алғаш рет тойлады

№4 басқару компаниясы Юнис-сити тұрғын үй массивінде наурыз мейрамын өткізді. Бұл ауданның тұрғындары наурыз мейрамын алғаш рет тойлады.

20:46, 18 наурыз 2017   188

 Шат-шадыман көңіл-күйге бөленген ақтөбеліктер ақ тілектерін жаудырды. Бұл мерекеге қала әкімі Ілияс Испанов та куә болды.

Юнисити тұрғын үй массивінің тұрғындары Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.  Жергілікті өнер иелері Ұлттық аспаптар орекстрінің сүйемелдеуімен концерт қойды. Ортаға мың бұралған бишілер шығып,  өнерпаздар әнен шашу шашты.

Мерекеге жиналғандарға наурыз көже ұсынылып, көпшілік ұлттық тағамдар толы мерекелік дастарханнан дәм татты. Тұрғындарын  құттықтауға шахар басшысы Ілияс Испанов пен қалалық мәслихаттың депутаты  Сұлупан Шынтасова келді. Ілияс Испанов өз сөзінде бұл жердегі қордаланған мәселелар шешімін табады деді.

ІЛИЯС   ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жаңа ауданның тұрғындары Наурыз мейрамын алғаш рет тойлап отыр. Мерекені №4 басқару компаниясы ұйымдастырды. Тұрғындар дән риза.

АЛМА БАЙМҰХАНҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

ҒАЙНИ ЕСҚАЛИНА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Айта кетелік, бүгінгі күні  Юнис-сити ауданында 1200-ге жуық адам тұрады. жаңа салынған ауданның тұрғындары мерекелерде бас біріктіру жақсы үрдіс десті.

Әлия Оразай

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44