"Жұлдызай" фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін Ақтөбеде "Жұлдызай" республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі 90 жасөспірім қатысып, өз бақтарын сынады. Үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанғандар енді Алматыда өтетін байқауға қатысады.

20:31, 13 сәуір 2017   220

13 жасар Құндыз Нұрғалиева, "Жұлдызай" фестивалінің іріктеу кезеңіне қатысушылардың бірі. Жастайынан өнерге жақын бала бұл жолғы сайысқа, жүннен тоқыған көйлегін алып келген. Бұған дейінде де бірнеше байқауда бағын сынап, жүлделі орындарды иеленген. Құндыз сияқты балалардың қолынан шыққан бұйымдарға тәнті болған көрермен, бұдан  соң, сахна төрінде өнер көрсеткен балдырғандардың концертін иамашалады. 

Фестиваль жыл сайын өткізіледі. Негізгі мақсат - мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетіп, оларды шығармашылыққа және өнерге баулу. Бұл жолғы сайыс хореграфия, вокал, аспапта орындау, бейнелеу өнері, ым-ишара және қолданбалы өнер номинациялары бойынша ұйымдастырылып, оған облыс бойынша 350-ден астам бала қатысты. Нәтижесінде, қала және аудандардағы іріктеу кезеңдерінен өткен 90 үміткер бүгінгі облыстық турда бағын сынады. Әрі олар спорттық шараларға да қатысуда.

ҚАЙРАТ АЛДАЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Жалпы, 2006 жылдан бері балалар шығармашылық фестиваліне бес мыңнан астам үміткер қатысып, 100-ден астамы республикалық кезеңге жолдама алған. Нәтижесінде 30 ақтөбелік жүлделі орындарды иеленіпті. Ал, бұл жолғы сайыстың қортындысы балаларды қорғау күні қарсаңында Алматыда өтпек.  

Әнуарбек Мырзатайұлы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44