ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

10 жер учаскесі аукционға шығарылды

18:12, 22 қыркүйек 2017

Ақтөбеде кәсіпкерлік мақсаттағы нысандар құрылысы үшін 10 жер учаскесі сатылымға шығарылды. Кезекті аукцион ағылшын әдісімен өтті. Шығарылған жер телімдерінің жалпы көлемі 2 гектарды құрайды.

Бүгінгі XI рет өтіп отырған аукционға 20 өтініш түскен. Жер учаскелері Қарғалы, Рауан сияқты қала іргесіндегі елдімекендерде орналасқан. Бастапқы бағасы - 236 мың теңге. Монша, аутсорсинг орталығы, шаштараз, дүкен және сауда павильондары секілді кәсіпкерлік мақсаттағы нысандар салынбақ. Ақтөбелік Лаура Аманбекова аукционға алғаш рет қатысып отыр. Ол бір ай бұрын өзінің жеке серіктестігін ашқан. 

ЛАУРА АМАНБЕКОВА, КӘСІПКЕР

- Аукцион ағылшын әдісімен өтті. Өте ыңғайлы. Бағаларын өзіміз қоя аламыз. Мен Қарғалы ауылдық округінің Сәтбаев көшесінен 12 шаршы метр жер алдым. Фасд-фут әзірлейтін дүкен саламын.

Жыл басынан бері өткізілген 10 аукционға 76 жер телімі шығарылып, олар қазір тиімді пайдаланылып жатыр. Нәтижесінде, қала қазынасына 298 млн.теңге қаржы құйылған. Ағылшын әдісімен өтетін шара сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың бірден-бір жолы дейді мамандар. Жер учаскелері жалдамалы түрде үш жылға беріледі.

ҰШҚЫН МЫҢБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Қатысушыға қойылтан талаптар қарапайым. Өзінің өтінімі, жарналық құны бар өзінің төлейтін 113 мың теңге. Одан кейін жеке куәлігі, заңды тұлғаларға өздерін тіркеу туралы куәлігі заңды мекеменің. Осы құжаттарын тапсырады. әрі қарай қатысуға мүмкіндігі болады, жолдама алып.

Жыл соңына дейін 47 жер учаскесін сатылымға шығару жоспарланған. Аукцион ай сайын ұйымдастырылмақ. Кезекті шара 6 қазан күні өтеді. Онда тағы да 10 жер телімі ұсынылмақ.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...