ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ

21:43, 28 желтоқсан 2018

Алға жұртының арманы орындалды. Жаңа жыл қарсаңында Ақай ауылы газ желісіне қосылып, жүздеген отбасы көгілдір отынға қол жеткізді. Таяу жылдары аудандағы ауылдардың 97 пайызы газбен қамтылатын болады.

Ақайға газдың берілгені - аудан үшін үлкен жаңалық болды. Негізінен мал шаруашылығымен айналысып отырған ауыдың болашағы зор. Көгілдір отынның келгені елдімекеннің еңсесін тіктейді.

СЕРІК ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Ауылды газ желісіне қосу жұмыстары облыс әкімдігі мен "Казтрансгаз аймақ" компаниясы арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге асты. Жалпы құны 750 млн теңге шамасындағы жоба бойынша әкімдік 40 шақырымнан асатын құбыр желісін тартты. Ал, компания ішкі қаражаты есебінен ауыл ішілік газ желісін жүргізді. Нәтижесінде 700-дей тұрғын көгілдір отын беріп отырмыз. Алдағы уақытта округтегі қалған үйлерге де газ кіреді.

Бұл күнді ауылдықтар көп күтті. Енді отын тасып, күл шығарған бейнеттен арылдық дейді тұрғындар.

Қазір Ақай ауылдық округінде 700-ден астам үй бар. Оның 115-і газ тарту үшін тиісті ұйымдармен келісім-шартқа отырған. Салтанатты шара барысында, аз қамтылған отбасыларға мердігер компания газ кіргізетін құралдарды тегін берді. 

Ақтөбе облысында газбен қамту көрсеткіші 89 пайызды құрайды. Ал Алға ауданында келесі жылы Қарақобда мен Ақай ауылдық округтерінде газ бен ауыз су желісін тарту жұмыстары жалғасады. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ТӨМЕН ПАЙЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
20:51, 25 желтоқсан 2018
СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ТӨМЕН ПАЙЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...