ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Ақтөбе облысында қуаттылығы 700 мВт электрстанциясын салу жоспарлануда

16:05, 22 қыркүйек 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлыбритания халықаралық сауда министрлігінің тау-кен саласындағы әріптестікті дамыту бойынша кеңесшісі Рос Лундамен және «Azura international» инвесторлық компаниялар тобының өкілі Морис Фршпен кездесті.

Бердібек Сапарбаев сөз басында Ақтөбе облысы шетелдік серіктестерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ашық аумақ екеніне тоқталып өтті. Бүгінгі күні облыста шетелдіктердің қатысуымен құрылған 700-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Біз өңір экономикасына инвестиция тарту болйынша елімізде бірінші орында келеміз. Ал Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек, біздің облыс инвесторларға жасалатын жағдай бойынша республикада екінші орында. Яғни, біз инвесторлар Қазақстанның заңдарына сәйкес осы аумақта жұмыс істеулері үшін барлық мүмкіндік жасаймыз.    

Кездесу барысында қуаттылығы 700 МВт болатын электрстанциясының құрысын бастау бойынша келіссөздер жасалды. Бұл - стратегиялық маңызды жоба. «Azura international» инвесторлар тобының өкілі облыс әкіміне жобаны қаржыландыруды компания биыл қарашада бастайды деп уәде берді.

МОРИС  ФРОШ, "AZURA  INTERNATIONAL"  КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ

- Біз бұл жобаны жүзеге асыруға кірісуге дайынбыз. Сізге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Жоба біз үшін маңызды.

Жыл өткен сайын өңірде өнеркәсіп дамып келеді, бұл электр энергиясын тұтыну да еселеп артатынын білдіреді. Станцияның салынуы электр энергиясы тапшылығын болдырмаудың жолы. Ал осы мәселені шешуге мұрындық болғалы отырған «Azura international» - Сингапур нарығында энергоресурстар, минералдар мен ауыл шаруашылық тауарлары саудасымен танылған инвестициялық ірі компания. Инвестициялық мүддесі пайдалы қазбалароды барлау және өндіруге, тау-кен өнеркәсібіне, консультациялық қызметке бағытталған.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...