ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақтөбеде шығарылатын өнімдер ЭКСПО - 2017 нысандарының құрылысына пайдаланылады

21:51, 16 наурыз 2017

Ақтөбеде шығарылатын бұйымдар ЭКСПО - 2017 нысандарының құрылысына пайдаланылады.

Жалпы, өндірістік сала Ақтөбеде жаңашыл бағыт ұстанған. Көпшілігі нарық сұранасына сай жоғары технологиялық өнімдерді шағара бастады. Мәселен, "Сталь лит" серіктестігінің өнімдері ел өңірлеріне жөнелтіліп жатыр.

"Сталь лит" серіктестігі нарықта 15 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрынғы Ақтөбесельмаш зауытының он жетінші балқыту цехының негізінде ашылды. Кәріз құбырларына жабылатын шойын қақпақтар, темір торлар жасайтын өнідірісті 30 шебер жұмыс істейді. 

ЖҮРСІН  САЙЛЫБАЕВ, ДИРЕКТОРДЫҢ ӨНДІРІС БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ

- Теміржолға қажетті бұйымдарды жасаймыз, кәсіпорындардың тапсырыстарын орындаймыз. Шойыннан, темірден, қоладан, альюминийден, басқа да металл түрлерін өндірісте пайдаланамыз.

Виктор Мирошенко өндірісте 40 жыл жұмыс істейді. Балқытушы еңбек жолын 1981 жылы слесарь болып бастаған. Оның ұлдары Виталий мен Денис те өндіріске беймделіп, әке жолын қуған. Қазір серіктестікте еңбек етіп жүр.

ВИКТОР  МИРОШЕНКО, БАЛҚЫТУШЫ

Өнімнің қандай болмағы, жалпы алғанда 90 пайызы металл сапасына байланысты. Аса жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Қауіптілігі де жоқ емес. Біз қара түсті, түрлі түсті металлдың бәрін қолданамыз. тапсырыс берушінің көңілінен шығуға тырысып келеміз. Шикізатты сараптамадан өткіземіз, өнім стандартқа сай болу керек.

Цехтың өндірістік қуаттылығы айына 40 тонна өнім. Серіктестік "Трансэнерго", "Ақбұлақ", "Қазахтелеком", "Қазахстан Темір Жолы" және басқа да кәсіпорындармен тығыз байланыста. Цехтің нарықта лайықты бәсекелесі болмағандықтан, оның өнімдері Ақтөбеден өзге, Орал, Атырау, Ақтау, Павлодар, Алматы және Астана қалаларына жеткізіліп отыр. Жуырда ғана осы цехта балқытылған металл бұйымдардың бір парасы ЭКСПО нысандарының құрылысы үшін Елордаға жөнелтілген. Сұраныс артқан сайын жұмыс көлемі де ұлғайып отыр. "Енді өндірісті кеңейту үшін Даму арқылы несие алуға тырысып көреміз" - дейді цех басшылығы.

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...