ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

Ақтөбелік кәсіпкерлер "Қазақстанның үздік тауарын өндіруші" атануға үміткер

19:28, 20 сәуір 2017

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Президенттің "Алтын сапа" сыйлығын алуға және "Қазақстанның үздік тауары" байқауының жеңімпазы атануға талаптанғандар үшін семинар ұйымдастырылды.

Бизнес-қауымдастық өкілдеріне сарапшылар байқаудың іріктеу кезеңінен өту талаптарын түсіндірді. Талапкерлер байқаудың Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында өтетін республикалық кезеңіне қатысады.

Семинарға 30 жергілікті компания қатысты. Тек ірі кәсіпорындар ғана емес, олардың арасында шағын және орта бизнестің өкілдері бар. Олардың айтуынша, республикалық байқауға қатысу бизнестің дамуына серпін беріп қана қоймайды, инвесторлар тартуға да зор мүмкіндік.

АБЫЛАЙ МҰҚАШЕВ, КӘСІПКЕР

"Қазақстанның үздік тауары" байқауы үш номинация бойынша өтеді. Ал "Алтын сапа" президенттің сыйлығын алу бойынша байқау он жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Алтын сапаға" еліміздің ең үздік компаниялары ғана лайық. Бұған үміткерлер негізгі тоғыз талапқа сай болулары керек. Аяғынан нық тұрып, әлеуметтік жауапкершілікті міндетіне алған кәсіпорандар арасында жүлде бөліске түседі.

БАУЫРЖАН ДАРКУЛОВ, "АТАМЕКЕН" ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Байқауға қатысу үшін өтініш маусымның 15-не дейін қабылданады. Бұдан соң,  сарапшылар тобы облыстық кезеңнің қатысушыларын анықтайды. Облыстық кезең бесінші маусымда өтеді. Ал республикалық жарыс Астанада ЭКСПО хзалықаралық көрмесі аясында тамыз айында өтетін болады. 

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...