ШҰҒЫЛ! 1 желтоқсан - ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні Толығырақ

Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде

18:36, 25 қыркүйек 2017

Ақтөбе облысы "ЕХРО - 2017" көрмесінде ұсынылған инновациялық жобаларды енгізу бойынша көшбасшы аймақтар ретінде танылды. Мұндай бағаны Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі беріп отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында кеңінен талқыланды.

Астанада өткен ЕХРО -2017 көрмесіне Ақтөбе облысынан 92 ірі кәсіпорынның өкілдері барды. Олар көрмеге ұсынылған инновациялық технологияларды зерделеп, инвесторлармен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде Ақтөбенің 25 кәсіпорны өз өндірістеріне 43 миллиард теңгеге шығатын жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап қойды. Бұл жаңашылдықтардың көпшілігі өндіріске енгізген жағдайда өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, энерготұтынудың тиімділігіне және еңбек өндірісіне оң әсер етеді. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Жалпы алғанда, ЕХРО халықаралық көрмесін Ақтөбе облысының 136 мыңнан астам тұрғыны барып көрді. Оның ішінде 14 мың оқушы бар. Жастардың ғылым-білімді ізденуіне бұл көрме бағыт-бағдар берді деуге болады.

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Дөң орта мектебінің оқушысы ақылды үй жобасын жасады. Ол енді осы жобасы арқылы халықаралық олимпиадаларға қатысуды жоспарлап отыр. Жалпы осы көрмені көрген оқушылардың көпшілігі әлемдік білім жарыстарына қатыса алатын ғылыми жобаларды ойлап тауып жатыр. Жасыл энергия тақырыбына арналған бірегей зерттеулер де бар.

Айта кету керек, ЕХРО-2017 көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды өндіріске енгізу мәселесі қазанның 12-13 күндері өтетін «Aktobe Invest-2017» инвестициялық форумы кезінде талқыланатын болады. Дәстүрлі форум бұл жолы ЕХРО тақырыбына арналмақ.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-  Біз қазір инвестициялық форумға дайындалуымыз қажет. Ең алдымен өзіміздің отандастарымызға және шетелдік инвесторларға ЕХРО нәтижесі бойынша қандай жобаларды ұсынатымызды көрсетуіміз керек. Оның ішінде инновация, жаңа технологиялар, сондай-ақ энергия көзін алудың дәстүрлі емес жолдарына қатысты жобалар болуы тиіс.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...