ШҰҒЫЛ! Демалыс күндері жауын-шашынды болады Толығырақ

Алыс-берісті арттыратын байланыс

20:28, 18 наурыз 2017

Қызылорданың Шиелісінде Ақтөбе облысына қарасты Қарғалы ауданының күндері өтті. Қарғалылықтар Сыр өңірінің күріші мен шұбатын тұтынатын болады.

 Сондай-ақ, балық өсіру мен ат баптаудағы тың тәжірибесін қолданысқа енгізуге ниетті. Ал шиеліліктер көрші облыстан ұн алуға уағдаласты. Шиеліде өткен Қарғалы күндерінің негізгі мақсаты да осы. Ақтөбеліктерді тағы қандай бастамалар қызықтырғанын қызылордалық

Ақтөбе мен Қызылорда арасындағы байланыс бұрыннан бар. Бұл жолы Шиелі мен Қарғалы аудандары өздерінде өндірілетін өнімдерді таныстырды. 17 мыңнан астам халқы бар Қарғалы аграрлы аудан. 9 кооперативі бар. Барлығы ауыл шаруашылық саласындағы өнімдерді өндіру және өткізумен айналысады. Өзгелерден айырмашылығы, өздеріндегі өнімді өңдеп қана сыртқа шығарады. Соның негізінде кәсіпкерлік саласын дамытқан.

ЖАРҚЫНБЕК ЫҚЫЛАСОВ, "ЖОСАЛЫ" АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ БАСШЫСЫ

Шиеліде аграрлы сала мен өндіріс қатар дамыған. Қарғалыдан келген делегаттар бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді. Алдымен пластикалық құбыр шығаратын «Кемикал» зауытының жұмысымен танысты. Ал жеке кәсіпкер Әбдіғани Шорабаев бәйгеге ат дайындайды. 20-дан астам тұлпары бар. Мына жылқының есімі - «Игониш». Еуропада екі мәрте чемпион атанған. Таза ағылшын тұқымы. Аяғынан жарақат алғаннан соң польшалықтар қажетсіз санаған. Шиелілік кәсіпкер оның тұқымын алу мақсатында сатып алыпты.     Сондай-ақ, ақтөбеліктерді шұбат өңдеудегі тың тәсіл қызықтырды. «Ару ана» атауымен шығып жатқан өнімнен дәм татып көрді.

РАХАТ СЫДЫҚОВ, ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Алыс-берісті сөз күйінде емес, іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында екі аудан басшысылары меморандумға қол қойды.

ҚАЙРАТБЕК СӘРСЕНБАЕВ, ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Екі ауданның кәсіпкерлері де өзара келісімдер жасады. Осылайша батыстағы көршімізге үлгі етер дүниелерді көрсете білдік. Нәтижесінде, нақты келісімдер жасалып отыр. Жалпы олардан да біздегілердің үйренері көп. Ал осындай әріптестік байланыс өңірлерді өрістете түсуге мол септігін тигізбек.

Тәжімұрат Әлжанов

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр
18:22, 19 қазан 2017
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жа...
Толығырақ...