ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

19:29, 1 ақпан 2018

Газ, ауыз су құбырын тарту, жол жөндеу мәселесі өткір. Медицина саласында мамандар тапшы. Осы және өзге де өзекті сұрақтарды мәртөктіктер аудан әкімі Нұржауған Қалауовтың есептік кездесуінде айтты. Жиынға  Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Асхат Қайнарбеков, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 4 миллард теңгеден асты. Ал биылға Мәртөкке 64 жоба бойынша 5 миллиардтан астам қаржы тарту көзделді. Былтырғы есептік кездесуде көтерілген 19 мәселенің 17-сі шешімін тапты. Өткен жылы өндіріс көлемі 3 миллиард 592 миллион теңгені құрады. Бюджеттің кіріс бөлігі  45,5 миллион теңгеге артты. Өндіріс саласында 9, өнеркәсіп саласында 2 кәсіпорын ашылды. Құрылыс саласында 16 мың шаршы метр пайдалануға берілді.  

Өткен жылы Казанка ауылына көгілдір отын келді. Достық пен Вознесеновка ауылдарын газдандыру бойынша жоба биыл аяқталды. Кездесу кезінде тұрғындар ауызсу мәселесін көтерді.

Мәртөк ауданында былтыр Родниковка мен Сарыжарда жаңа мектептер пайдалануға берілді. Қазір Мәртөктің өзінде 60 орындық интернатымен бірге 320 орындық  мектептің құрылысы жүріп жатыр. Тамызда пайдалануға беріледі.  Сонымен қатар, 4 білім нысанын  күрделі жөндеуден өткізу биылға жоспарланды. 3 балабақша ашылып, «Туған жерге тағзым», «Түлек кз» акциялары шеңберінде материалдық -техникалық базаны нығайту көзделді. Денсаулық сақтау саласындағы жоспарларға сай, мемлекеттік-жеке меншік негізде Вознесеновка ауылында амбулатория ашылады.  Тағы 4 амбулаторияны ашу үшін инвесторлар тартылмақ. Тұрғындар осы саладағы бірнеше проблеманың басын ашты.

Татар-башқұрт диаспорасының өкілдері аудандық Достық үйіне автобус мәселесін шешіп беруді сұрады. Ал, Қаратоғай ауылының тұрғындары ауыл әкіміне көлік қажет деп өтінді. Жер учаскесін алу, Жайсаң ауылынан облыс орталығына қарай автобус қатынасын реттеу, жолды жөндеу  туралы да айтты.

Бердібек Сапарбаев ауданың әлеуетіне байланысты тапсырмалар берді. Ұсақ шаруа құрылымдарын біріктіру, қайта өңдеу саласын дамыту, суармалы жерлерді ұлғайту, ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамтыу, пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді ету туралы қадап айтты.

Аймақ басшысы өз сөзінде мәртөктіктерді жеке іс ашып, жастарды ауылға тартудың маңыздылығына тоқталды. Ол үшін ауданда барлық мүмкіндіктер бар. Тек ерінбеу керек.

Есептік жиын алдында мемлекеттік инспектор Асхат Қайнарбеков «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан «Азия» жол бойында қызмет көрсету нысанын көрді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған  нысанға 60,5 миллион теңгенің инфрақұрылымы тартылды.

Венера Серғазина, Аманжол Айтмағамбетов «Ақтөбе телеарнасы»

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...