ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселесі талқыланды

17:41, 20 қаңтар 2017

Алға қаласында инвестиция тартуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруға, бизнес-инкубаторлар құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына субсидия берудің мөлшерлемесін түсіндіруге байланысты кеңес өтті.

Кейінгі жылдары облыс әкімдігінің аймақтың, жекелеген өңірлердің экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған кең көлемде жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі. Бұл аталған кеңестің бастамашысы «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы болды. Кеңеске төрағалық еткен Алға ауданының әкімі Мавр Абдуллин өңірдегі кәсіпкерлік саладағы атқарылып жатқан жұмыстарды, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын қысқаша баяндап өтті. Ал облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асқар Көкеев өзінің сөзінде мемлекеттік бағдарламалардың аясында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерінің тетіктерін әңгімеледі.

АСҚАР КӨКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Пайыздық ставканы субсидиялау "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүргізіледі. Екінші деңгейлі банктерден алынған несиені "даму" қоры субсидиялайды. Ал егер әлеуеті жоғары жоба болатын болса, онда кәсіпкердің алған несиесін қор 10 пайызын міндетіне алады. Сонда кәсіпкер тек тоғыз пайыз үстеме төлейді.

«Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясының басқарма төрағасы Зейнұр Мәйтеков мемлекеттің ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қызметіне кеңінен тоқталды. Осы бағытта Алға ауданында да шағын қабылдау  пункттері, ауыл шаруашылығы кооперативтері, сондай-ақ бизнес-инкубатор құрылып жатқаны айтылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруға көп күш салып келеді. Ол үшін тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қазір онда 1700 тонна азық-түлік бар. Картоп, көкөніс, басқа да азық-түлік түрлерінің осы қор арқылы коммуналдық сауда орындарына түсуі өңірде бағаның тұрақты болуына қызмет етуде. Биылғы қыс келер жылғы мол өнімнен үлкен үміт күттіреді. Қазір алқапта ылғал мол. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы егіншілік саласындағы шаруа қожалықтарына қолдау-көмек көрсетудің түрлі жолдарын ұсынуда.

ЗЕЙНҰР  МАЙТЕКОВ, "АҚТӨБЕ" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

- Біз аудан әкімдерімен кеңесіп жатырмыз. Тендерге қатысуға ниетті ауыл шаруашылық кооперативтеріне, диқандар қауымына осы көктемгі науқанда жанар-жағар майға, басқа да шығындарға жеңілдік жасау үшін қаржы бөле бастаймыз деп ойлаймын. Ол үшін келісім шарт жасаймыз. Бұл мәселе қазір облыс деңгейінде талқыланып жатыр.

Жалпы, Алға ауданы облыс бойынша ауыл шаруашылық кооперативтерін ашу жөнінен көш бастап келеді. Барлық ауылдық округтерде фермерлердің 17 кооперациясы белсенді жұмыс жасайды. Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларына кооперация құру туралы кеңес беріп, өткен жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдау үшін жасалған жұмыстарды айтып өтті. Палата тарапынан берілген мүмкіншіліктерді пайдаланудағы алғалық кәсіпкерлердің іс-тәжірибелеріне тоқталды. Оны жетілдіре түсуге байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақта кәсіпкерлікті мейлінше дамыту талабынан туындаған басқа да мәселелер аталған кеңестің негізгі талқысына түсті. Осы өткен шара арқылы кәсіпкерлер залдан  белгілі мекемелер мен ұйымдардың басшыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толық жауап ала алды. Кездесу барысында кәсіпкерлердің мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке, шағын және орта бизнесті дамытудың басқа да жолдарына ықыластарының ерекше екені, қай бағытта да әріптестікті дамытуға дайындығы байқалды.

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...