Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды

Қобда ауданында суармалы жерлерді пайдаланып, бау-бақша өнімдерін егу мәселесі қозғалған шаруашылық құрылымдарының жиыны өтті.

20:41, 18 наурыз 2017   211

Жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, мал шаруашылығын субсидиялау туралы сұрақтар қаралды.

Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары өткен жылы 24 мың гектар алқапты егістікке айналдырды. Биыл 28 мың гектар жерге дән себіледі. Өткен жылы қобдалық диқандар асбұршақ пен бадана егіп, дәстүрлі емес егіс түрінен де мол өнім алуға болатынын дәледеді. Ал, биыл 20 гектар алқап алма бағы болады. Бұдан өзге, түйеқұс асырап, қоян  өсірумен айналысып отырған қобдалықтар да бар. Осы жылы бал өндіру, ешкі ұстап, қаз-үйрек өсіру жоспарлануда. Жиын барысында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарын атап өтті.

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен жылы мал басын көбейту мақсатында "Сыбаға", "Алтын асық" және "Құлан" бағдарламаларының талабы орындалды.  Бүгінде ауданда 325 шаруа қожалығы, 13 кооператив, 25 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Биылдан бастап мал шаруашылығын субсидиялау үшін тапсырыс электронды түрде қабылданады.

ЖАНБОЛАТ НҰРПЕЙІСОВ, ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Қобда ауданында ірілі-ұсақты 12 өзен бар. Сондықтан суармалы жерлерді пайдаланып, бау-бақша егу, ұсақ шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру – басты мақсат дейді аудан билігі. 

Жұлдыз Алмасқызы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44