Бердібек Сапарбаев пилоттық жобаны жүзеге асыру мерзімін қатаң бақылауды талап етті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыруға арналған пилоттық жоба қаралды.

19:41, 17 мамыр 2017   86

Жиында облыс әкімі құрылыс қарқынының баяу екенін, сондай-ақ кейбір  құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарына көп уақыт кетіп жатқанын ескертті. Жиында құрылыс компанияларының басшылары кірпіш пен қиыршық тастың жеткіліксіз екенін сылтау етті. Бірақ, Ақтөбеде күніне 551 мың дана кірпіш өндірілетінін, ал бұл  жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылған құрылысшылардың сұранысынан әлдеқайда көп. "Осы жобаның бірінші кезеңін күзге дейін жүзеге асыруға міндеттеме алдық, ол орындалуы керек. Әрі кеткенде, 20 тамызға дейін үйлер тұрғызылып бітуі керек.  Құрылысты жүргізу барысында олқылықтарға жол берілмеуі қажет" - деді Бердібек Сапарбаев.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44