ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Бизнесті дамытуға кедергі болмауы тиіс

21:39, 30 наурыз 2017

Ақтөбелік кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға кедергі келтіретін бірнеше мәселе бар.

Мемлекеттік сатып алулар, салық кодексі, құжаттамаларды дайындау кезіндегі қиындықтар аз емес. Бүгін ақтөбелік бизнес құрылымдарының өкілдері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесті.

Кәсіпкерлер палатасы - бизнес өкілдерінің құқын қорғауға дайын. Кәсіпкерлер тарапынан тек, білім мен тәжірибені ұштастырып, алға қойған мақсатты жүзеге асыра білу қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды алуға палата кепіл бола алады. Төралқа төрағасы сөзін осылай деп бастады.

ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ, "АТАМЕКЕН" ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ

- Өздеріңіз білетіндей, Үкімет басшысы бизнес саласындағы бірнеше мәселелерді айтып өтті. Оның өзі еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқандығының көрінісі. Ол "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратындағы жұмыстың нәтижесі. Кәсіпкерлерге бизнесті дамытуда кедергі болмауы тиіс.  

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтқан басты мәселелері: мемлекеттік  сатып алуларда  қазақстандық үлесті арттыру, салық кодексіне өзгертулер енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының тапсырыспен қамтылуы. Әрі қарай тізбектей беруге болады. Енді ғана қанат жайған кәсіпкерлік саласы үшін бұл айтылғандарды жоюға көп күш салу қажет. Мәселен, Ақтөбе тарапынан мемлекеттік сатып алуларға отандық тауарөндірушілердің өнімдерін ұсыну мәселесі шешіліп келеді.

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Біз үшін жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін ілгерілету маңызды. Бұл мақсатта облыс әкімдігімен мемлекеттік, жер қойнауын пайдаланушылар және "Самұрық қазына" акционерлік қоғамының сатып алуларына байланысты жұмыс тобы құрылды. 2016 жылы отандық тауарөндірушілер 13 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алулар бойынша келісімшарт жасалды.

Агроөндірістік кешен - өңірде негізгі салаға айналды. Қазір облыста 4519 ауылшаруашылық тауарын өндіруші бар болса, мал бордақылау алаңы 45 процентке ұлғайды. Жиын бұл бағытта жұмыс істеп жүргендер өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. "Актеп" серіктестігінің басшысы  ірі қара малдың басын арттырудың 2017-2021 жылдарға арналған жобасын қаржыландыру бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялауды сұрады. Жоба аясында жыл сайын 5000 бас аналық ірі қара малды сатып алу және оларды мал бордақылау алаңына беру жоспарланып отыр.

НҰРЛАН САҒЫНАЛИН, "АКТЕП" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

-  Бесжылдық жоба «Даму» және «Бәйтерек» қоры арқылы субсидия алып отыр. Бірақ, оның пайыздық үстемақысы көп. Менің сіздерден сұрайтыным, үстемақыны азайтсақ, бізге көп мүмкіндік беретін еді.

"Атамекен" палатасы басшылығы Нұрлан Сағыналиннің өтінішін басқосуда қолдап, өз шешімін табатынын айтты.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...