ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Бизнестің дамуына кедергі болмауы керек

10:40, 13 сәуір 2017

Прокурорлар 71 заңсыз тексерудің алдын алған. жалпы, кәсіпкерлікті дамытуға өңірде әкімшілік кедергілер көп дейді мамандар. Бүгін аймақтық кәсіпкерлер палатасында прокуратура өкілдерінің қатысуымен алқа мәжілісі өтті.

Бизнес өкілдері облыстық прокуратурадағы кәсіпкерлер құқын қорғау штабы туралы жақсы біледі. Мәселен, штабтың араласуымен Хромтау ауданында бизнес үшін жер бөлу мәселесі шешілді. 96 кәсіпкер қазір ісін дөңгелетіп отыр. Алкогольдік өнімдерді сатумен айналысатын темірлік кәсіпкерлердің де құқығын штаб қорғаған.

НҰРҒАЛЫМ ӘБДІРОВ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ

- Штаб бизнесмендерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бес есеге дейін қысқартты. Егер 2015 жылы 244 қылмыстық іс болса, өткен жылы 43 іс тіркелген. Жүргізілген жұмыстарға талдаулар жасалып, нақты проблемалар анықталып, шешімін тауып келеді.

Бизнес өкілдеріне тексеру органдары тарапынан жасалатын қысым көп дейді кәсіпкерлер палатасының сарапшылары. Егер, 2015 жылы үш мың тексеру жүргізілсе, 2016 жылы екі есеге артып, алты жарым мыңды құрады.

ҚАНАТ НАХИМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРІНШІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Ақтөбелік кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға кедергі келтіретін тағы бір мәселе - ол мемлекеттік сатып алулар. Бұл тұрғыда да кемшіліктер баршылық.

ҚАНАТ НАХИМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРІНШІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Прокурорлардың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметі, төтенше жағдайлар жөніндегі және мемлекеттік кірістер департаменттері кәсіпкерлердің құқын өрескел бұзған. Жасалған талдаулар, келтірілген дәйектер бойынша департаменттер тексерулерді заң аясынан асырмауды уәде етті. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...