Ет және сүт өнімдерінің цехы ашылды

Байғанин ауданының орталығында тұшпара жасайтын және сүт өнімдерін шығаратын цех жұмысын бастады.

19:56, 10 қаңтар 2017   360

Халық игілігіне арналған бұл бастаманы байғаниндік кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауы арқылы ашқан. Шикізат жеткілікті, енді өндірген өнімді нарыққа шығару - басты міндет болып отыр

Алғаш рет ашылған Қарауылкелдідегі тұшпара цехында 5 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер Есет Абдуллаев ауыл тұрғындарының малын сатып алады. Алдағы уақытта жеке шаруа қожалықтарымен байланыс орнату, сондай-ақ, қымызхана, тұшпарахана ашу жоспарда бар.

ЕСЕТ АБДУЛЛАЕВ, КӘСІПКЕР

Ал тұңғыш рет жұмысын бастаған сүт өнімдерінің цехы 4 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Цех "Байдәулет" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі негізінде ашылды. Былтыр желтоқсан айында құрылған кооперативтің үш құрылтайшысы бар. Ресейден әкелінген құрылғылар арқылы сапалы өнім өндіріп, оны сату - кәсіпкердің жоспары.

ДОСЫМЖАН ШАНОВ, КӘСІПКЕР

Бүгінде Байғанин ауданында ұсақ қожалықтарды біріктіріп, шаруашылықтарды ірілендіру ісі жемісін беруде. Соның бірі өькен жылы ашылған "Ақниет" ауылшаруашылығы кооперативі етті өндіру бағытында жұмыс жасайды.  Сала мамандары биыл ауданның шаруашылық құрылымдары негізінде тағы 8 өндірістік кооператив құруға ниетті.

МАМЫРҒАЛИ АҚҚАҒАЗОВ, БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданға арнайылап барған жұмыс тобы жеке шаруа қожалықтарының басшыларына кооператив құру ісі, оны жетілдіру, дамыту жайлы түсіндіріп, Елбасы тапсырмасын орындаудағы негізгі міндетті айқындап берді.

Гүлбағда Қайратқызы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44