ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Іскер әйелдер бас қосты

17:03, 11 мамыр 2017

Ақтөбедегі бизнес субьектілерінің 30 пайызын іскер әйелдер басқарады.

Нәзік жандар бет әрлеп, киім тігіп, ас  әзірлеп қана қоймай құрылыс саласын да басшылыққа алған. Еліміздің жалпы ішкі өнімін арттырып, халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер әйелдер бүгін бизнес-форумда бас қосты.

"Нұр  Отан" партиясының ғимаратында өткен ауқымды шараға облыстың түпкір-түпкірінен келген 500-ден астам іскер әйел қатысты. Меймандар басқосудан бұрын бизнес иелерінің көрмесін аралады. Заманауи технологиямен дайындалған тәттілер мен қол өнер бұйымдары, әшекейлер мен ұлттық нақыштағы киім-кешектер алдыңғы қатарға орналасқан. Барлығы дерлік, он саусағынан бал тамған шебер әрі еңбекқор әйелдердің жұмысы. Олардың бірқатары бизнестің негіздерін өзгелерге үйретіп, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып жүр. 

БАЛДЫРҒАН ОРАЗМАҒАМБЕТОВА, КӘСІПКЕР (ЫРҒЫЗ АУДАНЫ)

Шағын және орта бизнесті дамыту әсіресе халықты жұмыспен қамтуда шешуші фактор саналады. Кәсіпкер әйелдер де өз бизнесінде осыны негізге алған. Бүгінде өңірдегі 7164 кәсіпкерлік нысанның 22 пайызын нәзік жандар басшылыққа алған. Оның ішінде 625-і шаруа қожалықтарын, 400-і жауапкершіліг шектеулі серіктестіктердің ісін дөңгелетіп отыр. Алайда, ауыл-аймақта кәсіп ашқысы келетіндердің алдында оңай еңсерілмейтін кедергілер көп.

КҮЛПАРШЫН АЙДАРХАНОВА, ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Іскер әйелдер кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова және республикалық кеңестің төрағасы Ләззат Рамазанова қатысты.  Кездесуде жеке кәсібін ашып, өзін де өзгені де жұмыспен қамтыған үлгілі әйелдер туралы айтылды.

ҚАЙРАТ БЕКЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аударма: Біздің өңірде әйелдердің қатысуымен құрылған кәсіпкерлік нысандары көп. Мемлекет тарапынан қолдау алып отырған жобалардың әр үшіншісін әйелдер басқарады. Олар мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында да жақсы жұмыс жасайды. 

Алғашқы отырыс, бейресми форматта өтіп, қатысушылар бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік алды. Форумда тәжірибелі мамандардың қатысуымен шеберлік сағаттары өткізілді. Сондай-ақүздік кәсіпкерлер  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...