ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау

19:28, 10 наурыз 2017

Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау. Бүгін облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті мен кәсіпкерлер палатасының бірлесіп өткізген жиынында осы мәселе талқыланды.

Диалог алаңы форматында ұйымдастырылған шарада кәсіпкерлер өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, кеңестерін алды.

Белгілі болғаны, өңірдің бизнес-қауымдастығы санитарлық ережелер мен нормаларға қатысты проблемаларға жиі тап болады. Бүгінгі кездесу бизнесті дамытуда кедергі келтіретін мәселелерді шешуге, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

ТАБЫЛДЫ ТАЙТУЛЛИН, "СТРОЙДЕТАЛЬ" ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ

Негізгі мақсат - өңірдің бизнес-климатын жақсарту. Әрі кәсіпкерлерге әкімшілік кедергісіз жұмыс істеп, өз ісін дамыту үшін мүмкіндік беру. Ол үшін бақылау-қадағалау органдарының алдында талапты азайту міндеті қойылған.

РУСЛАН КҮЙШІНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

- Кәсіпкерлер көбіне департаменттің бақылау-қадағалау талаптарымен келіспей, санитарлық ережелерге қатысты проблемаларға тап болып жатады. Дегенмен, оның өз заңдылығы бар. Мәселен, бір кәсіпорынның бірнеше филиалы болуы мүмкін. Мұны қайта -қайта емес, бір тексеру жағы қарастырылуы керек. Әрі ол кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексерілуі қажет.

Айтып өтейік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, құқықтарын қорғауға септігін тигізбек. Әрі меморандум аясында бизнес иелерімен бірге дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері мен кездесулер ұйымдастырылмақ.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...