ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Кәсіпкерлерге 16 миллион теңгеге дейін несие беріледі

20:20, 6 ақпан 2017

Бұдан былай жұмыссыз азаматтар мамандық беретін курстарда ақысыз оқи алады.

Өз кәсібін ашамын деген әрбір қазақстандыққа жеңілдетілген жолмен несие беріледі.  Бұл – Елбасы жолдауының екінші басымдығында көрсетілген міндет.

Бүгінде елімізде 9 миллиондай еңбекке қабілетті адам бар. Олардың шамамен 810 мыңы екі қолға бір күрек таппай отыр. Жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендері - 450 мың. Ал, 360 мың адамның тапқан-таянғаны күнелтуге жетпейді. Статистикаға сүйенсек, сол 9 млн адамның 28 пайызының ғана орта арнаулы білімі  бар. Алайда олардың басым көпшілігі мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Осы ретте тығырықтан шығудың тың жолы ретінде үкімет жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ден қоймақ. Ол үшін кәсіп ашушыларды қағазбастылықтан арылтып, мейлінше жеңілдік жасалуы тиіс.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Стратегиялық мақсат - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға дейін кемінде 50 пайызға жеткізу. Оны орындау үшін, Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттер - басты бағыт. Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева кәсіпкерлік саласында әлеуеті жоғары Ақтөбе облысының жетістіктерін мысал етті. 

ДӘНИЯ ЕСПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Ақтөбе облысы жұмыспен қамту бағдарламасын тиімді іске асырып одан жақсы нәтиже шығарған алғашқы өңір. 2010 жылы бұл бағдарлама  қабылданған кезде көп кәсіп иелері оның ыңғайлы тұстарын бірден түсінбеді. Дегенмен, сол кезде несие алып ісін бастағандар да болды. Бүгінде олар тәжірибелі бизнес иесіне айналды. Ал, бүгінгі жағдай басқа, кәсіпкер үшін мемлекет тарапынан мол мүмкіндік бар. төменгі пайызбен 16-17 млнға дейін несие береді. Тек жұмыс жасау қажет. 

Ал, жаппай кәсіпкерлікті соның ішінде отбасылық бизнесті жетілдіру үшін алдымен білім қажет. Осыған орай, өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту курстары басталды. Курсқа қатысушылардың бірі  Дана Үбайт болашақта жеке ісін ашқысы келетінін айтады.

ДАНА ҮБАЙТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бизнес-оқуға қызығушылық танытқандар көп. Сондықтан әр апта сайын екі күн орыс тілінде, екі күн қазақ тілінде кәсіпкерлік курстары өтеді. Қатысам деушілер үшін есік ашық.

БЕКЖАН САУХАН, БИЗНЕС - ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Райгүл Еншібайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...