ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Көктемгі егіс жұмыстарына жауапты органдардың есебі тыңдалды

20:12, 20 сәуір 2017

Биыл Ақтөбе облысы бойынша 642 мың гектар алқапқа егін себіледі. Қазір шаруалар көктемгі дала жұмыстарына толық дайын. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында айтылды.

Биыл дән себілетін алқаптың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 74,2 мың гектарға артық. Соған сәйкес, егілетін дәнді дақылдар, майлы дақылдар және мал азығына қажетті шөптердің аумағы да ұлғаймақ. Сондай-ақ, 6,13 мың гектарға картап ал, 5,17 мың гектарға бау-бақша салу жоспарланған.   

ҚҰСАЙЫН СӘРСЕМБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Биыл суармалы жерлердің көлемі де ұлғаймақ. Аудандық әкімдіктердің сұраныстарына орай, оның аумағы 21,5 мың гектарға дейін көбейеді. Ал алдағы екі жылда екі есеге дейін үлкейту жоспар да бар. Облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берген көктемгі дала жұмыстарына жауапты мекеме басшыларының мәлімдеуінше қазір, қажетті тұқым қоры джа жеткілікті. облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап тек жоғары репродукциялы тұқымдар егілетін болады. Бұл өз кезегінде, өнімнің түсімін де молайтуы тиіс.   

ҚҰСАЙЫН СӘРСЕМБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Егіс жұмыстарын жүргізу үшін биыл арзандатылған 8800 тонна көлеміндегі дизель отыны бөлінген. қажетті техникалар да жеткілікті. Мұндай шаралардың барлығы көктемгі жұмыстарды тиімді өткізуге мүмкіндік береді дейді мамандар. Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19:29, 1 ақпан 2018
АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...