ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Өндіріс спорт алаңдарын жабдықтаумен айналысады

14:49, 11 мамыр 2017

Өңірдің өнеркәсіп секторына инвестиция тарту үшін Ақтөбеде өндірісті дамытуға мүмкіндік берілген индустриялдық аймақтың бар екені белгілі.

Қазір оның аумағында бес компания жұмыс бастады. Олардың қатарында "Талан технолоджи" серіктестігі бар. Компания тозығы жеткен резеңке дөңгелектерді заманауи құрылғы арқылы қайта өңдеп, балалар алаңдарына және спорттық алаңдарға экологиялық тұрғыда таза төсеніш жасаумен айналысады. Мұндай өндірісті Ақтөбеде ашу идеясын жергілікті кәсіпкерлер 2015 жылы ұсынды. Кәсіпкер шетелде тәжірибе жинақтап, балалар алаңқайларына арналған төсеніштердің ыңғайлы екенін көріп келеді. Жобаның тұжырымдамасын жасаған соң, ақтөбелік кәсіпкерлер өндірісті салу үшін жер учаскесін іздестіре бастайды.  Компанияға жер учаскесі индустриялық аймақтан беріледі. Қазір мұнда 25 жұмыс орны ашылды. Жаздың соңына дейін жұмысшылар санын 40-қа жеткізу жоспары бар. 

ВАСИЛИЙ  ЛАГИЗОВ, "TALAN  TECHNOLOGY" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

-  Біз ашқан бұл өндіріс желісі арқылы шығарылып жатқанрезеңке төсеніштерді егер, өзінің барлық технологиясын сақтап төсейтін болса, кез келген спорттық алаңда да, балалар ойнайтын алаңқайларда да кемі он жылға дейін бүлінбейді, тозбайды. Балалар жұмсақ төсеніште құласа да ешқандай жарақат алмайды. Осы жағынан ыңғайлы.

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...