Өңір экономикасының дамуы бойынша Елбасы тапсырмасының орындалуы талқыланды

Өңір экономикасының дамуы бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуына қатысты сұрақтар облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. "Е-Халық" ақпараттық бағдарламасын енгізу, міндетті медициналық сақтандыру мәселелері де сөз болды.

21:38, 16 мамыр 2017   274

Кеңес барысында облыстың 2017-2020 жылдарға жасалған экономикалық көрсеткіштерінің болжамы қайта қаралды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы экономика саласының көрсеткіштерін 103 пайызға арттыру көзделген. Бұл елбасының экономиканы әртараптандыру туралы тапсырмасын орындауға жол ашады.

ОЛЖАС  СМАГҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- 2016 жылдың қорытындысы бойынша экономикада өсім 10,7 пайызды құрады. Яғни, өткен жылы қойылған жоспар орындалды. Алайда, Ұлттық экономика бекіткен жоспарды қайта қарауымыз керек. Бұл болжам өсімді қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, биылғы жоспарымыз 191 млрд теңге болса, бізге қажеттісі 242 млрд теңге екені анықталды. Сондықтан, өсімге қарай қайта болжам жасауымыз керек.

Өз кезегінде, өңір басшысы облыс әкімінің орынбасарларына, жауапты тұлғаларға міндеттер жүктеді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

"Е-халық" ақпараттық бағдарламасын енгізу мәслесі де қаузалды. Жұмыспен тиімді қамтуды мақсат ететін бұл жоба еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен еліміздің 148 ауылдық округінде және аудандық маңызы бар қалалары мен аудандарында енгізіледі..

ҚАЙРАТ  ОТАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының және үш ауданның әкімдеріне маусымның біріне дейін мәліметтер базасын 100% толтыруды тапсырды. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға қатысты ақпараттарды жаңартып отыру міндеттелді.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің баяндамасы тыңдалған соң, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы мекемелердің ұжымдарында мәлімет беруді, сауатты насихаттауды тапсырды.

Айгүл Байменова

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44