
Ақтөбе мен Жамбыл облыстарының байланысы нығаяды.
Әсіресе, аймақтар өңіраралық кооперация аясында сауда-саттық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және медицина салаларында ынтымақтастықты арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Ақтөбе мен Жамбыл облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Қос өңірдің басшылары Ақтөбедегі бірқатар нысандарды аралап, кооперацияны одан әрі дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды.
Әнуарбек Мырзатайұлы