ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

Ортопедиялық төсеніштерді шығаратын өндіріс жолға қойылды

18:55, 28 наурыз 2017

Ақтөбе облысында кәсіпкерлік бастамалар сәтті жүзеге асырылуда.

Жергілікті кәсіпкерлердің көпшілігі шетелден келетін тауарлармен бәсекелесетін жоғары сапалы өнімдер шығарып, нарықтағы орнын айшықтады. Оның ішінде, Ақтөбеде ашылған ортопедиялық төсеніштер жасап шығаратын кәсіпорынды атап өтуге болады. "Ақтөбеде жасалған төсеніштер сырттан әкелінетін баламасына қарағанда жоғары сапаға ие, - деп кепілдік берді өндірушінің өзі.

"Ақброкер" жауапкершілігі шектеулі серіктестік өткен жылдың желтоқсан айында ашылды. Қажетті құрылғыларға қол жеткізген соң, цехтың жұмысы жолға қойылды. Өндіріс бірден ортопедиялық төсеніштер жасауға кірісіп кетті.

ЕРЖАН  ҚҰСАЙЫНОВ, "АҚБРОКЕР" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

- Төсеніш толық осында жасалады. Оның темір торы, бекіткіш жақтаушасы, бәрі-бәрі цехта біздің адамдардың қолынан шығады. Сондықтан, сапасы міндетті түрде бақылауда. Кокос, латекс қолданамыз, орташа бағада сатылады, қатты қымбат емес.

Қазір цехта төрт адам жұмыс істейді. Олар өндірістің барлық сатысын сапалы атқаруға тырысады. Бір ортопедиялық төсенішті жасауға бір сағат уақыт кетеді. Өнім тапсырыс бойынша жасалады. Ақтөбелік өнімнің жоғары сапалы болуының сыры анық. Ең алдымен өндіріске жергілікті шикізат қолданылады және екіншіден, барлық жұмыс заман талабына жауап беретін жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен жасалады.

ДМИТРИЙ  ПОЛТАРЬ, ОПЕРАТОР 

- Станоктардың өзі италияда жасалған. Күрделі құрылғы. Бәрін өлшеп кесіп, пішіп барып, станокка саламыз. Егер өлшемінен жаңылсақ, бір миллиметр артық, не кем болса, құрылғы жасамай қалады. Сондықтан, бұл жерде сапаға аса мән беріледі.

Мұндағы мамандардың айтуынша, жоғары сапалы төсеніштер Украинадан немесе Ресейден әкелінетін баламасына қарағанда ұзақ қолдануға жарамды. Жалпы алғанда, серіктестік басшылығы болашаққа зор сеніммен қарайды және Ақтөбеде жасалған ортопедиялық төсеніштерге ақтөбеліктердің өздері лайық бағасын береді деген үмітте.

Тақырып бойынша материалдар

АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
21:43, 28 желтоқсан 2018
АҚАЙ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...