
Келер жылдың 1-қаңтарынан жүргізілетін салықтық рақымшылықтың арқасында 90 мың кәсіпкер айыппұлдан босатылады.
Егер олар 2019 жылдың соңына дейін негізгі борышын өтесе, өсімпұлдан құтылады. Елбасының жолдауында айтылған бұл жаңа ереженің арқасында осылайша кәсіпкерлерге жеңілідк жасалмақ. Айта кетейік, қазір шағын және орта бизнес өкілдері мемлекетке салықтан берешегі 340,6 млрд теңге екен. Оның ішінде негізгі қарыз 210,4 млрд теңге болса, өсімпұл - 123 млрдқа жуық, ал айыппұл 7 млрд теңгеден асады.