ШҰҒЫЛ! 40 мың ақтөбелік баспаналы болады Толығырақ

Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады

18:48, 22 қыркүйек 2017

Бүгін "Ақтөбе-ақпарат" орталығында Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев баспасөз мәслихатын өткізіп, ауданның 8 айдағы әлеуметтік-эконмикалық дамуы туралы баяндады.

8 айдың қорытындысы бойынша, өнім өндіру көлемі 8 миллиард 468 милион теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде жалпы өнеркәсіп өнімінің 74 пайызын құрайтын 6 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді. Аудан тұрғындарының 82 пайызын қамтыған қала және 9 елдімекен табиғи газды пайдалынып отыр. Байқадам мен Қаратоғай аулдарына газ өткізу жұмыстарына  облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Біршоғыр, Сарсай, Алабас ауылдарына ауылішілік газ тартудың сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.  Ауылшаруашылық саласында да  нақты өсім бар.  Дәстүрлі емес шаруашылыққа ден қойылды.

БАУЫРЖАН ҚАНИЕВ, ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданның әлеуметтік  саласына  бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Білім, денсаулық сақтау саласында ашылған  нысандар халық игілігіне қызмет етіп тұр. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, ісін жүргізіп отырған кәсіпкерлер саны артты. "Бизнестің жол картасы-2020" аясында 7 жобаға қолдау көрсетілді.

Биыл мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде 400 миллион теңгеге 120 орындық бір клуб, 50 орындық балабақша мен 100 балаға шақталған екі мектепке дейінгі мекеме салу жоспарланды.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19:29, 1 ақпан 2018
АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...