ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды

18:27, 25 қыркүйек 2017

Шалқар ауданының күндері аясында "Табыс" коммуналдық базарында ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті.

Шалқардан бұл жолы  4 тоннадай ірі қара еті, 7 тонна көкөніс, жарты тонна сүт өнімдері әкелінді. Сиыр еті 1150-ден, жылқы еті 1500-теңгеден сатылды. Көкөніс те, қауын-қарбыз да көп болды. Ертемен келген ақтөбеліктер арзан бағамен ұсынылған етті лезде сатып алды.

АЙБЕК СЕМБАЙ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Шалқар ауданында қазір 480-нің үстінде шаруа қожалығы бар, 9 кооператив құрылып, жыл соңына дейін тағы 3 кооператив ашылмақшы. Екі селолық округте ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерімен айналысатын кәсіпкерлер бар. Жәрмеңкеге олар да тауарларын әкелді.

Жәрмеңке кезінде  келушілерге ыссы бауырсақ таратылып, аудан өнерпаздары концерт қойыды. Шалқардың жәрмеңкесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та аралап шықты. Өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын қымбаттатпай, тұрақты ұстауды тапсырды. 

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...