ШҰҒЫЛ! 320 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды Толығырақ

Жайсаң ауылына көгілдір отын келді

21:18, 14 желтоқсан 2016

Ақтөбенің тағы бір ауылына көгілдір отын келді. Мәртөк ауданының Жайсаң елді мекеніне салынған газ құбыры іске қосылды. Көптен күткен бұл қуанышты тұрғындар тәуелсіздік тартуына балады.

Жайсаңдықтар бұл күнді көптен күткен еді. Отын кіргізіп, күл шығарған бейнеттен арылды. "Батыс қытай-батыс еуропа" халықаралық дәлізінің тұсындағы ауылдың әлеуеті зор. Осыны ескерген облыс әкімдігі қазтрансгазаймақ акционерлік қоғамымен газ тарту туралы меморандумға қол қойған болатын.

МҰХТАР  ЖҰМАҒАЗИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көгілдір отын қазақ үшін ең ұлық мереке тәуелсіздіктің тартуы болды. Жайсандықтардың  көксегені орындалды. Жалпы ел аймақтарында, елді мекендердің газдандырылуы өңірдерді дамыту, өркениетке ауыл халқын бір табан жақын ету десті тұрғындар.

МУСАҒАЛИ  ІЗБАСОВ, ЖАЙСАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ,  БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Айта кету керек, Жайсаңға тартылған ілеспе газ құбыры қысқа мерзімде салынды. ауыл ішілік желілерді тартуға да уақыт аз жұмсалды. Енді инвестициялық қаражат есебінен 2020 жылға дейін облыста 200 шақырым газ құбырын тарту жоспарда бар. Бұл жағдайда облыс тұрғындарының 98 пайызы көгіддір отынмен қамтылмақ.

ЕРМЕК  ҚАЛДЫҒҰЛОВ, "ҚАЗТРАНСГАЗ  АЙМАҚ" АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Егер Мәртөк ауданы тұрғындарының 70 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр десек, 3200 тұрғыны бар Жайсан 34 елді мекеннің жетіншісі болып газ құбырына қосылды.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
19:29, 1 ақпан 2018
АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...