ШҰҒЫЛ! Демалыс күндері жауын-шашынды болады Толығырақ

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

19:36, 18 наурыз 2017

Ақтөбе Жамбыл өңірінен қант пен пияз алып отыр.

Бүгін облыс орталығында екі өңірдің алыс-берісін еселей түсетін жәрмеңке өтті. Шаһардың орталық көшесі аз уақытта тараздық тауар өндірушілердің сауда алаңына айналды. Өңіралық кооперацияны дамыту аясында Ақтөбе мен Жамбыл облыстарының арасындағы тауар айналымы өткен жылы 639,7 млн теңгені құраған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын таппақ.

Мұнда ет-сүттен басқа, 7 тонна балық та сатылды, 80 тонна көкөніс, жеміс-жидек те сөреден табылды. Бұдан бөлек, дәстүрлі емес ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде, бал арасы, бөдене жұмыртқасы және құс еті де сатылды. Таңсәріден жайылған сөрелерге сағат тілі жылжыған сайын келушілер саны арта түсті. Сатушы да, сатып алушы да разы.

ИСЛАМ ЖАРМҰХАМЕТОВ, КӘСІПКЕР (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ)

Алыс-берісті айтар болса, негізі Жамбыл облысының нарығында Ақтөбенің асыл тұқымды малы, еті, шұжығы, ұны және макарон өнімдері сұранысқа ие. Ал Ақтөбені Тараз пиязбен, қантпен қамтып отыр. Енді осы жолы 140-тан аса жамбылдық кәсіпкер құны 100 млн теңге болатын 177 тоннадан астам тауар әкелген. Өнімдердің бағалары нарықтағыдан төмен пайызбен ұсынылды. Қаз-қатар тігілген жәрмеңкелік сауда қатарларының алды ұзын-сонар кезекке толып, ақтөбеліктер қажетін осы жерден сатып алып жатты.

Жалп,ы өңіраларық кооперация аясында жәрмеңке ұйымдастыру қос тарапқа да ыңғайлы болды. Бұл әрі еліміздің ішкі нарығының әлеуетін көрсетті. Тұтынушының көңілінен шыққан тауар өндірушілер аз уақытта мол табысқа кенелді. Шараның діттегені де, маңыздылығы да осында. 

ДУЛАТ ОСПАНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ақтөбеліктерді разы қылған жәрмеңкеге екі өңірдің басшысы келіп, қатысты. Сөрелердегі өнімдерге мән берді. Тауар өндірушілермен тілдесіп, әр бөлікке қойылған аудандардың өнімдерін де көріп шықты. Содан соң, Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының халыққа ұсынған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр
18:22, 19 қазан 2017
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жа...
Толығырақ...