ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды

19:59, 10 қаңтар 2017

2017 жылдан бастап, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Бағдарлама үш бағыт бойынша қолға алынады. Бірінші  бағыты - өзінің мамандығы бойынша ұзақ уақыт жұмыс таппағандарды қайта даярлық курстарынан өткізу. Биыл осы мақсатта облыстың 570 тұрғынын оқыту көзделіп отыр. 

Ал, екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылады. Бұл шағын несие ашамын деген  облыстың  жұмыссыз  тұрғындарына арналады. Оларға жылдық пайыз мөлшері 6 пайызбен 5-7 жылға дейін несие беріледі. Биыл бұған республикалық бюджеттен  16 миллион теңге бөлінген.

ГҮЛШАТ ҚАҢТАРБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жұмыссыз  жүргендерді қоғамдық шараларға бағыттау, диплом алып, еш жерге орналаспағандарды жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа алу - бұл бағдарламаның үшінші бағытына жатады.  Биыл  осы мақсатқа бөлінген  төлемақы көлемі 25  айлық есептік көрсеткішке жеткен. Яғни   6 ай ішінде мемлекеттік мекемелерде және жеке меншік секторда  жастар тәжірибесінен өткендерге  56  мың теңге төленеді.  Биыл 1600  түлекті жастар практикасына бағыттау көзделіп отыр.  Айта кетелік, жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының екінші бағыты аясында  "Гүлдене бер туған ел" жобасы да жұмыс жасайды.

Жұмыссыздықпен күресудің бір жолы - бос орындар жәрмеңкесін дәстүрлі ұйымдастыру. Өткен жылы мұндай шаралар 10 мәрте өткен. Нәтижесінде  590 адам тұрақты жұмыс тапқан. Биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі ақпан айында ұйымдастырылады деп күтілуде.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласында  әріптестік орнықты
18:48, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы арасындағы медицина саласын...
Толығырақ...
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жобаларды өндіріске енгізуде
18:36, 25 қыркүйек 2017
Ақтөбелік кәсіпорындар "ЕХРО-2017" көрмесінде ұсынылған жоба...
Толығырақ...
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
18:27, 25 қыркүйек 2017
Шалқарлық шаруашылықтар жәрмеңке ұйымдастырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...